Таразда банк қызметкеріне шабуыл жасады - видео

Qaz365.kz редакциясы

Шағын несие беру мекемесінің қызметкері жұмысынан шығып сауда нысанына кірген

Фото: видео-скрин

Таразда тапа-тал түсте банк қызметкеріне шаубыл жасалды. Күдіктілер тонауға оқталғанымен, ақшаны алып кете алмады. Өйткені куәгерлер араша түскен, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Шағын несие беру мекемесінің қызметкері жұмысынан шығып сауда нысанына кірген. Сол сәтте оған белгісіз берулер тап береді.

КТК телеарнасының хабарлауынша, күдіктілер оны темірмен төпелеп, қолындағы ақша толы сөмкесіне жармасқан. Алайда қаражатын алып кете алмады. Өйткені жанжалды көрген куәгерлер жәбірленушіге араша түскен.

Күдіктілер сол кезде сытылып үлгергенімен, алысқа ұзай қоймады. Тәртіп сақшылары 30 және 22 жастағы Тараз бен Алматы тұрғынын қамауға алды.

Ал сөмкеде қанша ақша болғаны сол күйі айтылмады.