Оңтүстік Кореяда ұшақ апатқа ұшырап, 179 адам қаза тапты

Qaz365.kz редакциясы

Ұшақтағы тек екі құтқарушы аман қалған.

 

Ашық дереккөздерден

Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Yonhap агенттігіне сілтеме жасап BBC хабарлады. 

Оңтүстік Кореяның ресми басылымдарының алдын ала мәліметтері бойынша, аман қалған екі адамның бірі – жолаушы, екіншісі – экипаж мүшесі. Ұшақ Банкокгтан ұшып шыққан, Jeju Air әуе компаниясына тиесілі. Апатқа ауа райының жайсыздығы немесе құстармен соқтығысу себеп болуы мүмкін.

Оңтүстік Кореяның Муан халықаралық әуежайындағы ұшақтың шассиінен ақау шыққан болуы мүмкін. Муан – Сеулден 288 шақырымда орналасқан. Ұшақ апаты сол жақтағы уақытпен сағат 09.07 кезінде тіркелген. 

Ақпарат толықтырылады.