АҚШ-тың ғасыр куәгері атанған 100 жастағы президенті қайтыс болды

Nur-Altay Umirzak

Оған әлемде бейбітшілікті сақтауға қосқан үлесі үшін – Нобель сыйлығы табысталған

Сурет: JACK GRUBER/USA TODAY

АҚШ-тың Ғасыр куәгері атанған 39-шы президенті Джимми Картер 100 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Нобель сыйлығының лауреаты Джимми Картер 1977-1981 жылдар аралығында АҚШ президенті қызметін атқарған. 

Оның президенттік кезеңінде АҚШ пен КСРО қырғи-қабақ соғыс жүргізіп жатқан. Картер мен Брежнев ең маңызды құжаттардың біріне — ядролық қару жарысын тежейтін стратегиялық қаруды шектеу туралы келісімге қол қойған. Сол себепті оған Әлемде бейбітшілікті сақтауға қосқан үлесі үшін – Нобель сыйлығы табысталған.

2019 жылы ол АҚШ президенттерінің арасында ұзақ жасау рекордын жаңартты.

Қазан айында 100-ге толды. Соңғы жылдары бұрынғы президент қатты ауырып жүрген екен.