947 миллион жымқырып қашып кеткен қазақстандық Дубайдан ұсталды

Nur-Altay Umirzak

Оған халықаралық іздеу жарияланғанына 2 жыл болған

Сурет: ҚР ІІМ

947 миллион теңге жымқырған қазақстандық Дубайда ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеп отыр.

“Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған ер адам ұсталды. 2022 жылы күдікті адамдар тобымен алматылық ЖШС-лердің бірінен өзіне қарасты компанияның шотына қаражат аудару арқылы 947 миллион теңге жымқырған”, – делінген ІІМ хабарламасында.

Қазіргі уақытта ер адам қамауда. Оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.