Экс Мәдениет және спорт вице-министріне қатысты тергеу аяқталды

Nur-Altay Umirzak

2024 жылдың 13 желтоқсанында Бас Прокуратура күдіктілерді сотқа берген

Сурет: Қазақстан футбол федерациясы

Ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі Ерлан Қожағапанов пен мердігер ұйым басшылығына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеме жасады.

“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ жоғары лауазымды тұлғалар арасындағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша жұмыстарын жалғастыруда. Агенттік Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі және мердігер ұйым басшылығына қатысты ауыр қылмыс жасағаны бойынша тергеуді аяқтады.Олар қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды және 1 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталуда”, – делінген Антикор хабарламасында..

Өткен жылдың 13 желтоқсанында Бас Прокуратура күдіктілерді сотқа берген.