Теміртаудағы "Қазақстан" шахтасынан тағы бір кеншінің денесі табылды

Qaz365.kz редакциясы

Оқиға кезінде қызметкер кезекшілікте болмаған

inform.kz

 “АрселорМиттал Теміртау” АҚ "Қазақстан" шахтасынан тағы бір қызметкердің денесі табылды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Ақпараттық хабарламасына сілтеме жасай отырып.

“2022 жылдың 6 қарашасында “АрселорМиттал Теміртау” АҚ Көмір департаментінің “Казахстан” шахтасының аумағында Көмір департаменті бөлімшелерінің бірінде жұмыс істеген қызметкерінің мәйіті табылды. Оқиға кезінде қызметкер кезекшілікте болмаған”, – делінген  "АрселорМиттал Теміртау" АҚ хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 3 қарашаға қараған түні Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" шахталарының бірінде төтенше жағдай орын алған болатын. Газ дренажды ұңғымаларын бұрғылау кезінде кенеттен газдың шығуы орын алып, төрт жұмысшының өліміне әкелді. Таңертең бесінші жұмысшының денесі табылды.

Төтенше жағдай салдарынан төрт кенші зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды. Алдын ала диагноз бойынша – метан газынан улану. Екі кенші Қарағандыдағы Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың токсикологиялық бөлімшесіне ауыстырылды. Уланудан басқа, әртүрлі дәрежедегі жарақат алған тағы екі адам Шахтинск ауруханасына жатқызылған.

Қазіргі таңда Ішкі істер органдары бұл іс бойынша тергеу жүргізіп жатыр.