Курьерлердің заңнамадағы қызмет көрсету талаптары өзгерді

Nur-Altay Umirzak

Олар енді өздерімен  жеке медициналық кітапшасын алып жүруі керек

Сурет: buhgalteria.ru

Курьерлердің заңнамадағы қызмет көрсету талаптары өзгерді. Енді олар медициналық тексерістен өтуі міндеттелді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді.

“1 қаңтардан бастап елімізде курьерлерге қатысты жаңа талаптар бекітілді. Стандартқа сәйкес, оларда медициналық тексеруден өткені туралы белгісі бар белгіленген үлгідегі жеке медициналық кітапша болуы керек. Сондай-ақ олар кәсіби гигиеналық дайындықтан өтуге міндеттеледі”, – делінген министрлік таратқан ақпаратта.