Жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылатын болды

Nur-Altay Umirzak

Бұл туралы Өнеркәсіп, Энергетика, Көлік, Ауыл шаруашылығы, Су ресурстары министрліктеріне тапсырма берілді

Сурет: Studio Romantic/shutterstock.com

Жұмысшы кадрлар үшін жаңа ипотекалық және жалға берілетін тұрғын үйдің жеңілдетілген бағдарламалары іске қосылатын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов тапсырма берді.

«Жұмысшы кадрларды әлеуметтік қолдаудың үздік корпоративтік тәжірибесін кеңінен таратып, жаңа ынталандыру шараларын енгізу керек. Өнеркәсіп, Энергетика, Көлік, Ауыл шаруашылығы, Су ресурстары министрліктеріне кәсіпорындармен, әкімдіктермен және Отбасы банкімен бірлесіп, жұмысшы кадрлар үшін ипотекалық және жалға берілетін тұрғын үйдің жеңілдетілген бағдарламаларын іске қосу мәселелерін пысықтауды тапсырамын», — деді Үкімет отырысында Олжас Бектенов.

Үкімет Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу мәселелерін үнемі бақылауда ұстап, жаңа жобаларды іске асырып отырмақ.