«ҚазАвтоЖол» АҚ хабарламасына сәйкес, жеті өңірде жол қозғалысына шектеу енгізілді
Елімізде республикалық маңызы бар 10 күре жол жабық, деп хабарлайды qaz365.kz.
«ҚазАвтоЖол» АҚ хабарламасына сәйкес, жеті өңірде жол қозғалысына шектеу енгізілді.
«Ауа райының қолайсыздығына (боран, көрудің шектелуі), жасанды жолмен қар көшкінін түсіру және еріген қар суын бұру жұмыстарын жүргізуге байланысты Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарындағы республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс шектелді. Жоғарыда аталған өңір тұрғындарын алыс сапарға және жабылған күре жолдарға шықпауға шақырамыз», – делінген хабарламада.