Қазақстанда 6200-ден аса жалған банк карталары анықталды

Nur-Altay Umirzak

Бұл карталар арқылы айналымның жалпы сомасы 24 миллиард теңгеге жеткен

Сурет: invite.viber.com

Қазақстанда айналымы 24 млрд теңгені құрайтын 6,2 мың «дроп-карта» анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді.

“Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық кірісті заңдастыру мақсатында 6,2 мың «дроп-карта» пайдаланылғанын анықтады. Бұл карталар арқылы айналымның жалпы сомасы 24 миллиард теңгеге жетті. Алаяқтар интернет-банкингке қашықтан қол жеткізу мақсатында үшінші тұлғаларға тіркелген байланыс операторларының SIM карталарын пайдаланған. Көбінесе «дроп-карта» есірткі саудасы, кибералаяқтық, заңсыз құмар ойындар және басқа да қылмыстық әрекеттерге байланысты схемаларда қолданылған. Мұндай карта иелерінің 90%-дан астамы резидент емес”, –  делінген агенттік ақпаратында.

Дроптар дегеніміз  – бұл банктік карта мен шотты рәсімдеу үшін қолданылатын жалған тұлғалар.