Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық елге қайтарылды

Nur-Altay Umirzak

Ол аляқтық жолмен жалған хабарландырулар жасап оларға 205 мың доллар шығын келтірген

Сурет: Медиасток.рф

Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Сербиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеп отыр.

“Бүгін ІІМ Бас прокуратурасы мен Интерпол қызметкерлері Қазақстанның Сербиядағы Елшілігінің көмегімен Қазақстан азаматын аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін Сербиядан экстрадициялады. Күдікті 2018-2019 жылға дейінгі аралықта «Kolesa.kz» сайтында арнайы техниканы сату туралы жалған хабарландыру орналастырып, 4 азаматтың ақшасын ұрлап, оларға 205 000 доллар шығын келтірді. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кетті, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды. 2023 жылы ол Сербия аумағында ұсталып, Қазақстанның Бас прокуратурасының өтініші бойынша елімізге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды”, – делінген министрліктің хабарламасында.

Айыпталған қылмыс жасағаны үшін оның мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылып отыр.