Түркия Республикасының Қазақстандағы елшісі Уфук Екиджи мырза Астана қаласында БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді
Баспасөз конференциясы барысында елші Қазақстаннан жіберілген қазақтың дәстүрлі 100 киіз үйі 11 провинцияға беріліп, қазір орнатылғанын жеткізді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
“Түркия тарапынан оңай жиналып, орнатылатын үйге сұраныс болғандықтан Алматы қаласынан осы аптада тағы 100 киіз үй жіберілетін болды”, – деді елші.
7,7 және 7,6 баллдық жер сілкінісі 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында болғанын еске саламыз. Қазір Түркияның зілзаладан зардап шеккен 11 провинциясында қалпына келтіру жұмыстары басталды.