БҚО-да тікұшақ апатынан 4 адам қаза болды

Qaz365.kz редакциясы

Бортта 5 экипаж мүшесі мен 2 жолаушы болған

БҚО-да тікұшақ апатынан 4 адам қаза болды, деп хабарлады азаматтық авиация комитеті.

Соңғы мәліметтер бойынша, тікұшаққа төтенше жағдайлар министрлігінің іздестіру тобы жеткен. 4 адам қаза тапты, 2 адам жарақат алды.

"Азаматтық авиация комитеті тікұшақтың жерге соғылып қонуы кезінде қаза тапқан азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады", - делінген хабарламада.

23 ақпанда сағат 15:50-де Батыс Қазақстан облысының Чапурино ауылынан 6 шақырым жерде "Қазавиапастың" 2022 жылы шығарылған Ми-8 АМТ тікұшағы жерге қатты соғылып қонды.

Тікұшақ "Қазтрансойл" АҚ тапсырысы бойынша мұнай құбырын айналып ұшып тексеруге тиіс болған.

Бортта 5 экипаж мүшесі мен 2 жолаушы болған еді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің көлік апаттары мен оқыс оқиғаларды тергеу департаменті тексеру жүргізеді.