"Ең қиын сценарийге дайындалып жатырмыз": Көктемде су тасқыны қайталануы мүмкін

Nur-Altay Umirzak

Су тасқынының алдын алуға шамамен 40 мың құтқарушы жұмылдырылып жатыр

Сурет: jambylinfo.kz

Былтырғы көктемгі су тасқыны биыл қайталануы мүмкін, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайларды жою департаментінің бас маманы Магомет Ахриевтің мәлімдеп отыр.

«Болжам бойынша, қыс қарлы болады. Қалай болғанда да, біз ең қиын сценарийге дайындалып жатырмыз. Оқу-жаттығуларда да, жағдайдың ең ауыр сценарий бойынша қалай өрбитінін жан-жақты қарастырамыз. Соған сәйкес әрекет етеміз», – деді ТЖМ өкілі Магомет Ахриев.

Маманның айтуы бойынша көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары аяқталып қалған. Биылғы оқыс оқиғалардың алдын алуға шамамен 40 мың құтқарушы жұмылдырылып жатыр екен.