Ақтөбедегі "бесінші түрме" атанып кеткен тергеу изоляторының видеосы жарияланды

Qaz365.kz редакциясы

Қабырғасы сыз тартып, сылағы түскен

Азаттық

Ақтөбедегі "бесінші түрме" атанып кеткен тергеу тергеу изоляторының видеосы жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Қабырғасы сыз тартып, сылағы түсіп жатқан тергеу камерасының видеосын журналист Жаңагүл Жүрсін фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. Оның айтуынша, видеоны  тергеу изоляторындағы тұтқындардың туыстары жолдаған. 

“Тергеу изоляторын ақтөбеліктер "бесінші түрме" деп атайды. Мына видео сол "бесінші түрмедегі" #148 камерада түсірілген. Видеодағы тұтқынның сөзінше, тар қапасқа 11 адам қамалған. Қабырғасы көктеп, сылағы түсіп жатқан бұл камераны түрме басшылары "апаттық жағдайда болғандықтан бір ай бұрын консервациялап қойдық" деді. Басшының айтуынша, изоляторда тап осындай екі камера бар.

Изолятор 1949 жылы тұрғызылған. КУИС "2026 жылға дейін Ақтөбеде 1,5 мың орындық жаңа изолятор саламыз" деді. Құрлыстың қашан басталары белгісіз”, – деп жазады ол. 

Ақтөбеде айыпталушылардың шағымынан кейін мекеме "құлағалы тұрған камералар" жабылғаны айтылады. Тергеу изоляторында құлағалы тұрған екі камера консервацияланып, "апат жағдайында тұр" деп шешкен. Бұл туралы Азаттыққа 22 ақпанда Ақтөбедегі тергеу изоляторының басшысы Аман Құлмұхамбетов хабарлаған.