«Маңғыстаумұнайгазға» 32 млрд теңгеден аса айыппұл салынды

Nur-Altay Umirzak

Айыппұл экологиялық талаптар мен ережелерді өрескел бұзғаны үшін салынған

Сурет: kmg.kz

«Маңғыстаумұнайгазға» экологиялық талаптар мен ережелерді өрескел бұзғаны үшін 32 млрд теңгеден аса айыппұл салынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасы мәлімдеп отыр.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның қызметінде ағынды суды жер қойнауына жіберу, сондай-ақ тиісті шектеу орнатпай, бұрғылау қалдығын жинақтаумен байланысты өрескел заң бұзушылықтар анықтады. Соттың 04.12.2024 жылғы қаулысымен компания Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 31 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды. Сот актісі заңды күшіне енді», –  делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Сонымен қатар, мұнай жылыту пешінен қоршаған ортаға ластаушы заттардың шамадан тыс шығарылу фактісі де анықталып, 1,2 млрд теңге айыппұл салынған.