Сотты жалған түбіртекпен алдамақ болған пара беруші сотталды

Nur-Altay Umirzak

Алаяқ қылмыскер 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Сурет: Астана қаласының прокуратурасы

Астаналық тұрғын сот орындаушысын жалған түбіртекпен алдап, қылмыстық жауапкершіліктен құтылмақ болған, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

  Бұл туралы Астана қалалық прокуратурасы мәлімдеп отыр.

“Сот үкімімен қала тұрғыны лауазымды тұлғаларға бірнеше рет пара бергені үшін 240,3 млн теңге көлемінде айыппұл жазасына сотталған. Кінәлі тұлға 196 млн теңге мөлшерінде айыппұлды ішінара төлеу туралы сот орындаушысына түбіртектердің көшірмелерін табыстаған. Нұра ауданы прокуратурасының талдауы барысында бұл сома мемлекет кірісіне түспегені, ал айыппұлдың төленбегені анықталды. Берілген түбіртек жалған екені расталды.  Аудан прокуратурасының нұсқауы бойынша сот орындаушысы айыппұлды бас бостандығынан айыруға ауыстыру жөнінде сотқа жүгініп, ұсыныс қанағаттандырылды. Сотпен айыппұл жазасы 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды”, – делінген Прокуратура хабарламасында.

   Қазір жалған түбіртектерді беру фактісі бойынша толыққанды тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.