Ата-аналар туу туралы куәлікті постамат арқылы алатын болды

Nur-Altay Umirzak

Сонымен қатар, қайтыс болу, неке қию және ажырасу туралы куәліктерді де алу жоспарлануда

Сурет: gov.kz

Қазақстанда азаматтарға туу туралы куәлікті жеткізу бойынша жаңа пилоттық жоба іске қосылады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“2025 жылы Әділет министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп, туу туралы куәлікті Kaspi Bank постаматтары арқылы жеткізу бойынша пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл азаматтарға ХҚКО-ға бармай-ақ куәлік алуға мүмкіндік береді. Жоба аясында РАХ (АХАТ) органдары берген электрондық құжаттарға, соның ішінде туу, өлім, неке қию және ажырасу туралы куәліктер мен анықтамаларға электрондық апостиль қою қызметі де өзгереді. Бұл жаңашылдық азаматтарға көрсетілген құжаттарды алып, бір өтініш аясында апостиль қоюға мүмкіндік береді” – делінген Үкімет хабарламасында.

Аталған қызмет 2025 жылдың төртінші тоқсанында қолжетімді болады деп жоспарланып отыр.