Кісі өлтіріп, есірткі зертханасын ұйымдастырған екі ақтөбелікке сот үкімі шықты

Nur-Altay Umirzak

Олар қылмыстық ісінің куәгерін өлтіріп тастаған

Сурет: Бейнеден кадр

Кісі өлтіріп, есірткі зертханасын ұйымдастырған екі ақтөбелік19 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

“Ақтөбе облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен өңірдің 2 тұрғыны кісі өлтіру және есірткі зертханасын ұйымдастыру деректері бойынша әрқайсысы 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.Олар психотроптық заттарды заңсыз сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмау мақсатында өңірдің тұрғынын (өздері мен куәны байланыстырушы) өлтірген. Прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық іс тергеп-тексеріліп, қысқамерзімде сотқа жолданды”, –  делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.