Астана-Өскемен рейсінде бортсерікті ұрған жолаушы әуежайда ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Fly Arystan әуе компаниясының Астана-Өскемен рейсінде тәртіп сақтамаған жолаушыға қатысты оқиға тіркелді. Куәгер, журналист Азамат Ерғалиевтің айтуынша, 50 жас шамасындағы ер адам ұшақ жерге қонғаннан кейін басқа жолаушыларға жабыса бастаған, содан кейін бортсерікті ұрып жіберген.
Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер жеткен. Бірақ куәгердің айтуынша, ұсталған адам: «Маған бәрібір!» деген екен.
Бұл жағдай жолаушылардың наразылығын тудырды. Құқық бұзушыға қандай шара қолданылатыны әзірге белгісіз. Куәгерлер ол жауапкершіліктен құтылып кетуі мүмкін деп алаңдаушылық білдірді.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.