Атыраулық танымал ит Пшөнге арналған мүсін қайда қойылатыны белгілі болды

Nur-Altay Umirzak

Мүсінді сәулет нысандарын жасаудың шебері, ерікті Азамат Кенжеғалиев жасаған

Сурет: Азамат Кенжеғалиевтің жеке архивінен

Былтыр Атырау облысындағы су тасқыны кезінде көпшілікке көмектескен Пшөн есімді итке арналған сәулет мүсіні қайда қойылатыны белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Бұл шешім оның символдық маңыздылығын ескере отырып қабылданған.

"Индер ауданындағы түрлі бастамалардың авторы, шағын сәулет нысандарын жасаудың шебері, ерікті Азамат Кенжеғалиев өткен жылы су тасқынына қарсы жұмыстарға белсене қатысып есте қалған еді. Ол еріктілер атынан су тасқыны кезінде көпке көмектесіп есте қалған Пшөн есімді итке арнап шағын архитектуралық мүсін жасап шығарды. Мүсін Махамбет ауданына қойылады", –  делінген  әкімдік хабарламасында.

Ал мүсін авторы ескерткішті ауылдық жерде емес облыс орталығына, адамдар көп жүретін жерге, қойылғанын қалап отыр.