800 грамға жуық есірткі бар сәлемдеме косметика құтысына жасырылған
Поштамен есірткі алдырған алматылықық 16 жылға сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қаржылық мониторинг агенттігі осы іске қатысты тергеуді аяқтаған.
“Ол Тайландтан есірткіге тапсырыс берген. Косметика құтысына жасырылған 800 грамға жуық есірткі бар сәлемдеме Алматы облысы Іле ауданының «Қазпошта» бөлімшесіне келіп түскен. Сот үкімімен күдіктіге 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды”, – делінген ҚМА хабарламасында.
Қаржылық мониторинг агенттігі есірткі контрабандасы қатаң қылмыстық жауапкершілікті көздейтін ауыр қылмыс екенін еске салып отыр.