Танымал музыкант Darkhan Juzz қайтыс болды

Qaz365.kz редакциясы

Қаралы хабар расталды

instagram.com/d.juzz

Танымал қазақстандық музыкант Darkhan Juzz (шын есімі – Дархан Жүнісбеков) өмірден озды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қаралы хабарды Ozen лейблінің мүшелері растады.

Darkhan Juzz (Дархан Жүнісбеков) 1991 жылы 9 тамызда Алматыда дүниеге келген. Ол рэп орындаушысы, ән авторы және дыбыстық продюсер еді. Оның жұмысы классикалық трапты, акустикалық гитараны және сезімтал лириканы біріктірді. "Үйде", "Сапар", "Шекер", "Кейіпкер" әндерінің авторы әрі орындаушысы.