Олар әр шетелдіктен 80 мыңнан 1 млн теңгеге дейін ақша алған
Шетелдіктерге заңсыз құжаттар жасап берген екі елордалық сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Полиция департаменті мәлімдеп отыр.
“Олар Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан және Ресей Федерациясынан келген 49 шетелдікке заңсыз Қазақстан Республикасының азаматтығын және уақытша тұруға арналған рұқсат алуды ұйымдастырған. Біреуі неке куәлігін, медициналық анықтаманы және басқа да құжаттарды қолдан жасап, екіншісі оған клиенттер тауып беріп отырған. Әр шетелдіктен 80 мыңнан 1 млн теңгеге дейін ақша алған.Сот үкімімен оларға 1 жыл 6 ай және 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды”, – делінген полиция хабарламасында.
Екеуінен жалпы сомасы екеуінен 107 мың доллар, 2,5 млн теңге және 200 мың рубль тәркіленген.