"Кәсіп ашу үшін тегін грант алып берем": Түркістандық алаяқ Беларустен ұсталды

Nur-Altay Umirzak

Ол 13 адамның 10 миллион теңгесін алдап алған

Сурет: Бейнеден кадр

13 адамды сан соқтырып кеткен түркістандық алаяқ Беларустен ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы мәлімедеді.

“Беларусьтен экстрадицияланған күдікті Түркістанда 2022-2023 жылдары кәсіп ашу үшін тегін грант алуға көмектесеміз деп, 13 адамның 10 миллион теңгесін алдап алған. Қылмыс жасағаннан кейін ол қашып, халықаралық іздеуге жарияланған. 2024 жылы Беларусьте ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды”, – деді Бас прокуратура өкілі Асель Беркалиева.

Қазір ол тергеу изоляторында сотқа дейін жауап алынуда. Ал оған үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылып отыр.