Төбелеске қатысы бар болуы мүмкін деген күдікпен 11 адам ұсталған
Әлеуметтік желіде Алматыдағы университтердің бірінің жатақханасы маңында түнде жастар арасында жаппай төбелес шыққаны туралы видео тарады. Полицейлер 11 адам ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
“2023 жылы 23 ақпанда 23 сағат 00 минут шамасында Алматы қаласы Бостандық ауданында жастар арасында төбелес орын алды. Дабылға бірден бірнеше патрульдік полиция экипажы ден қойып, нәтижесінде төбелеске қатысуы мүмкін 11 адам ұсталды.Бұзақылық дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.Қақтығыстың басқа да мән-жайлары анықталуда”, – деп хабарлады Алматы қалалық полиция Департаменті Баспасөз қызметі.