Қажылыққа барушылар үшін жаңа міндеттеме енгізілді

Nur-Altay Umirzak

Міндеттеме қажылыққа барушы адамдардың денсаулығын сақтау үшін енгізілген

Сурет: muftyat.kz

Сауд Арабиясы 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап қажылыққа барушылар үшін менингококкты инфекцияларға қарсы вакцинацияны міндетті етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Сауд Арабиясының Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасаған.

Министрлік ақпаратында 2025 жылы қажылыққа бару үшін вакциналау нұсқауларын жариялап, оның қажылыққа барушы барлық адамдардың денсаулығын сақтаудағы маңыздылығын атап көрсеткен. 

Вакцинация кем дегенде 10 күн бұрын жасалуы керек.

Полисахаридті вакцина 3 жыл, конъюгацияланған вакцина 5 жыл жарамды. 1 жасқа дейінгі балалардан вакцина талап етілмейді.