Ақтауда 200-ден аса үлескер 2 жылдан бері үйіне кіре алмай жүр

Nur-Altay Umirzak

Тұрғындардың өзі бірнеше жылдан бері пәтер жалдап жүр

Сурет: Qazaqstan TV

Ақтауда 200-ден астам үлескер үйіне кіре алмай жүр, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Бұл туралы Қазақстан ұлттық арнасының “Aqparat” бағдарламасында айтылған.

“Айсар компаниясына тиесілі «Ақ босаға» тұрғын үйі 2023 жылы қолданысқа берілуі тиіс еді. Алайды, құрылыс аяқталмаған. Жұрт бар тапқан-таянған қаржысын компания басшысына ұстатқан. Көбі 100 пайыз төлеген. Енді өздері бірнеше жылдан бері пәтер жалдап жүр”, – делінген ақпаратта.

Құзырлы органның мәліметінше, тұрғын үйдің құрылысқа қатысты құжаттары дұрыс рәсімделмеген. Енді тұрғындар мәселені сот арқылы шешуі тиіс.