Қазақстан Украинадағы дағдарысты саяси реттеу бойынша ҚХР ұстанымын құптайды – СІМ

Qaz365.kz редакциясы

Сыртқы істер министрлігі бұл туралы ресми мәлімдеме жасады

ҚР СІМ

ҚР СІМ еліміздің  украиндік дағдарысты саяси реттеу бойынша Қытай Халық Республикасының ұстанымын құптайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Министрлік Қазақстан Республикасының украиндық дағдарысты саяси реттеу бойынша Қытай Халық Республикасының ұстанымын құптай отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының қағидаттары негізінде мемлекеттің аумақтық тұтастығы, тәуелсіздігі және егемендігі негізінде қантөгісті тоқтатуға көмектесу ретінде қолдауға лайық екенін білдіреді.

«Біз бұл мәселені тек халықаралық құқық пен БҰҰ қағидаттары негізінде бейбіт жолымен шешуге балама жоқ деп санаймыз. Біз әскери қақтығысқа қатысушы тараптардың ізгі ниет танытуын, ұрыс-қақтығысты тоқтатып, келіссөз үстеліне отыруын, ал әлемдік қоғамдастықтың жағдайды барынша дипломатиялық жолмен шешуге үлес қосуын жақтаймыз», - делінген министрліктің мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, құзырлы органның мәлімдеуінше, Қазақстан Қытай Халық Республикасының Жаһандық қауіпсіздік бастамасының тұжырымдамасында айқындалған біздің мемлекеттеріміздің бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерді шешуінің ұқсастығын атап өтеді.