17 қаңтарда сотқа дейінгі тергеу аяқталған
Шерзат Болат ісі бойынша тергеу аяқталғанын адвокаттары мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Адвокат не дейді?
Жәбірленуші отбасының адвокаты Карина Көшербаеваның сөзінше, сотқа дейінгі тергеу аяқталған.
«17 қаңтарда Шерзаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы бізге тергеуден хабарлама келді. Енді біз қылмыстық іс материалдарымен танысуды бастаймыз», – дейді Карина Көшербаева.