«Қызтекелерге жалынды сәлем»: депутаттар Үкіметке ЛГБТ-ға қатысты нақты шарт қойды

Qaz365.kz редакциясы

АҚШ-та енді заңмен тыйым салынады

Коллаж Qaz365.kz

Депутаттар атынан Үкімет басшысына Еділ Жаңбыршин сауал жолдады, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

«Кеше ғана әлемдік саясатта елеулі орын алып, бүкіл халықаралық қауымдастықты өзіне қаратқан АҚШ президентінің ресми ұлықтау рәсімі өткенін айтты. Оның сөзінше, осы күнге дейін әлемнің көптеген елдерінде адам құқығын қорғау, либералдық көзқарасты қалыптастыру мен азаматтық қоғам орнатуды көздеген құрама штаттарда 47-ші президент Дональд Трамп бұдан былай екі жынысты бекіткен. Яғни АҚШ-та ер мен әйел жынысы заңмен шегеленген. Бұл – ЛГБТ-ға, яғни табиғи жаратылысқа қарсы жынойнақ топтарға біз түгілі, енді АҚШ-та заңмен тыйым салынады деген сөз. Бұл жаңалық Батысты өздеріне қорғаушы санап жүрген қызтекелерге төбелерінен жай түскендей болғаны анық. Осы тұста, барлық қызтекелерге «Дядя Дональдтан» жалынды сәлем! – дейді депутат.

Парламентарий АҚШ президентінің шешімі мәжіліс депутаттарының ЛГБТ-ға қарсы ұстанымымен ұштасқанын мәлімдеді. Өйткені өздері Мәжіліске келгелі бері ұлтымыздың болашағына балта шауып жүрген азғын жолмен күресіп келе жатырмыз деді. 

«Мен білетін Үкіметке кемінде бірнеше нақты депутаттық сауал жолданды. Оған қоса, ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды көздейтін арнайы заң нормаларын да әзірледік. Алайда, осы әрекеттерімізге кейбір шенеуніктер батыс елдері өкілдерінің «демократияны шектеп жатырсыңдар», «адам құқығын таптап жатырсыңдар» деген ұстанымдарын желеу қылып, қарсылық білдірді, – деді депутат.

Еділ Жаңбыршин ЛГБТ өкілдері және олардың сыбайластары депутаттарға әлеуметтік желіде, бұқаралық ақпарат құралдарында жаппай ақпараттық шабуылдар ұйымдастырғанын мәлімдеді. «Бірақ бұл күресте біз жалғыз қалған жоқпыз» деді. 

«Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар, жалпы қоғам бізді қолдап E-petition.kz мемлекеттік платформасында ЛГБТ насихатына қарсы петиция жариялады. Небәрі 2 аптада петиция 50 мың қол жинағанын білеміз. Бұл нені көрсетті?! Бұл ұлттық болмысымызға жат, ЛГБТ ағымына халықтың ашық қарсы екендігін көрсетті. Ал Парламент бірінші кезекте халықтың мүддесін ескеріп, оны нақты заңнамамен іске асыруы тиіс, – дейді депутат.

Ол петиция талаптарын толық қанағаттандырып, соған сәйкес тиісті шараларды қарастыруды, ЛГБТ-ны қолдап, мәжіліс депутаттарына ақпараттық шабуылдарды ұйымдастырған тұлғаларды тауып, жазалауға шақырды.