"Әкімдік орнатқан жоқ!": Атырау жағалауында танымал ит "Пшөннің" ескерткіші орнатылды

Nur-Altay Umirzak

Ескертіш мүсін қалалық кафелердің бірінің алдына орнатылған

Сурет: Коллаж/Qaz365.kz

Атырау қаласы жағалауындағы кофехананың алдына су тасқыны кезінде қап тасып бөгет құруға көмектескен танымал ит "Пшөн" ескерткіші орнатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы atyrauoil.official инстаграм парақшасы жазба жариялаған.

Ескертіш мүсінді әкімдік емес, қалалық кафелердің бірінің иесі орнатқан.

“Мекеме иесі дәнекерлеуші мүсінші Азамат Кенжеғалиевпен байланысып, скульптураны қалаға алдырған. Осылайша ол итке адалдығы мен игі істері үшін алғыс айтуды шешкен. Қара металдан жасалып, сары түске боялған мүсін “Ailaq Coffee” кофеханасының алдында тұр”, – делінген парақша жазбасында.

Естеріңізге сала кетейік, көктемде Атырау облысы Сарытоғай ауылындағы су тасқыны кезінде песель жағалауды нығайту үшін құм салынған қаптарды алып жүруге көмектескен болатын. Алты айдан кейін “Пшөнді” Ветстанция қызметкері атып өлтірген болатын.