Орал тұрғыны пәтеріне 100-ге жуық адамды тіркеген

Nur-Altay Umirzak

Пәтерде тіркелгендердің ешқайсысы ол жердің тұрғындары емес

Сурет: gov.kz

Орал тұрғыны пәтеріне 100-ге жуық адамды тіркеген, бірақ олардың ешқайсысы ол үйде тұрмайтын болып шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР ІІМ Көші-қон полициясының қызметкерлері мәлімеді.

“ҚР ІІМ Көші-қон полициясының қызметкерлері Орал қаласындағы пәтерлердің бірінде 95 адам тіркелген азаматты анықтады. Шын мәнінде, ол пәтерде тіркелгендердің ешқайсысы ол жердің тұрғындары емес. Тұрғын үй иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды”, – делінген полиция хабарламасында. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 493 — бабына сәйкес тұрғын үй-жайлардың иелері азаматтарды заңсыз тіркеудің әрбір жағдайы үшін жауапқа тартылуы мүмкін.