ЖОО-ның үздік оқытушылары 6 млн теңге сыйақы алды - видео

Qaz365.kz редакциясы

Байқау қорытындысы бойынша 43 оқу орнының 150 оқытушысы жеңімпаз атанған.

Видеодан кадр

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.

Байқау қорытындысы бойынша 43 оқу орнының 150 оқытушысы жеңімпаз атанған.

Олардың әрқайсысы 2000 АЕК көлемінде сыйақы алды, бұл 6 млн 126 мың теңгені құрайды. Ақшалай ынталандырудан басқа байқау жеңімпаздарына төсбелгі табысталды.

Конкурс жыл сайын оқытушы кәсібінің беделін арттыру және оларды одан әрі кәсіби дамытуға ынталандыру мақсатында өткізіледі.

«Биылғы байқауға еліміздің 71 жоғары оқу орнынан барлығы 775 үміткер қатысты. Конкурста электронды оқу ресурстарын, оқу материалдарын әзірлеу және жариялау, отандық және халықаралық журналдардағы ғылыми жарияланымдар, өнертабысқа патенттердің болуы және т.б. сияқты көрсеткіштер, сондай-ақ үміткердің оқыту сапасы, оның бакалавриатта, магистратурада және докторантурада кадрлар даярлау жөніндегі еңбегі бағаланды», - деп атап өтті министрлікте.