2025 жылы Алматы экономикасына 2,2 трлн теңгеден астам қаржы тарту жоспарлануда

Nur-Altay Umirzak

Алматы – шикізаттық емес секторға инвестиция тарту жөнінде елдің басты хабы

Сурет: Алматы қаласы әкімдігі

2025 жылы Алматы экономикасына 2,2 трлн теңгеден астам қаржы тарту жоспарлануда, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматыда жоғары іскерлік және инвестициялық белсенділік сақталуда. Қабылданып жатқан шаралардың арқасында бүгінде Алматы – шикізаттық емес секторға инвестициялар жөніндегі елдің басты хабы.

2024 жылы Алматыда негізгі капиталға шамамен 2 трлн теңге инвестиция тартылды. Негізгі капиталға инвестициялар өңдеуші өнеркәсіпке (өсім 2,9 есе), білімге (84,7% - ға), көлікке (37,5% - ға), денсаулық сақтауға (31,3% - ға) инвестициялардың айтарлықтай өсуі есебінен 8,2% - ға ұлғайды.

Бұл өсу динамикасы инвестициялар құрылымының сапалы өзгеруін көрсетеді. Шамамен 90% - ды жеке инвестициялар құрайды, олардың өсімі 6,2%.

Қала экономикасының қарқынды дамуын және жергілікті бюджет кірістерінің айтарлықтай өсуін ескере отырып, 2024 жылғы 6 желтоқсанда Fitch Ratings Алматының «ВВВ+» деңгейіндегі дербес несиелікк рейтингін, «Тұрақты» болжамы растады.

Жалпы қала экономикасына 2025 жылы 2,2 трлн теңге тарту жоспарлануда.