Түркістан облысында ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушылары ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр

sputnik.kz

Түркістан облысында ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушысы ұсталды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Жәбірленуші әйелдің айтуынша, белгісіз біреулер оның ұлын ұрып-соғып, қарумен қорқытып, 3 миллион теңге тұратын жылқысын көліктеріне тиеп алып кеткен.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде үш тұрғын ұсталды. Олардың бірі - ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушысы.

Айғақты зат ретінде алынған мал заңды иесіне қайтарылды.

ҚР ҚК-нің 389-бабының 3-бөлігі «Өзінше билік ету» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.