Қазіргі уақытта әлеуетті вендорлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр
Қазақстанда АЭС-ті кім салатыны маусым айында белгілі болатын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлімдеді.
“Мемлекет басшысының атом электр стансасының құрылысын жеделдету туралы тапсырмасына сәйкес жұмыс жүріп жатыр. Қазіргі уақытта әлеуетті вендорлармен келіссөздер жүргізілуде. Шешім бірінші жартыжылдықтың соңында белгілі болады”, – деді Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов.
Қазіргі таңда АЭС салуға үміткер ретінде төрт компания тіркелген:
- Ресейдің «Росатом»,
Қытайдың CNNC, Оңтүстік Кореяның KHNP, - Францияның EDF компаниясы.
Министрліктің мәліметінше, АЭС салуға арналған технология жеткізушісін таңдау бойынша соңғы шешім биыл маусым айында қабылданады. Ол ұлттық мүдделер, халықаралық нормалар және МАГАТЭ-нің ұсыныстары негізінде жүзеге асырылмақ.