Оралда Швеция азаматына 690 мың теңге айыппұл салынды

Qaz365.kz редакциясы

57 жастағы әйел қос азаматтығы үшін жауапкершілікке тартылды

Ашық дереккөздерден

«Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Швеция азаматшасын Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзғаны үшін ұстады. Бұл туралы qaz365.kz тілшісі Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Көлік полицейлері Қазақстан Республикасы мен Швецияның қос азаматтығы бар 57 жастағы әйелді ҚР ӘҚБтК 496-бабының 2-бөлігі, яғни Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімі бойынша Швеция азаматшасы 200 АЕК (690 000 теңге) сомасына әкімшілік айыппұл түрінде жауапқа тартылды.