Сенатор Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Qaz365.kz редакциясы

Оған алдын ала «анафилактикалық шок» диагнозы қойылған еді

Ашық дереккөздерден

27 қаңтарда қайтыс болған ҚР Парламенті Сенатының депутаты Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «кісі өлімі» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге ​​жатпайды», - деп мәлім етті полиция департаментінен.

Еске салайық, 27 қаңтарда сенатор Гүлмира Кәрімова кенеттен қайтыс болды.

Оған алдын ала «анафилактикалық шок» диагнозы қойылған еді.

Дегенмен кейін Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 45 жасында көз жұмған Гүлмира Кәрімованың өліміне жүрек талмасы себеп болғанын мәлім етті.