Еліміздің 12 пайызға жуығы тұмауға қарсы екпе алған

Nur-Altay Umirzak

40 инфекция бойынша сырқаттану деңгейі төмендеген

Сурет: ortcom.kz

Республика бойынша тұмауға қарсы 2,3 млн адам егілді, бұл республика халқының 11,6%-ын құрайды,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Орталық комуникациялар қызметіндегі  баспасөз конференциясында ДСМ өкілі мәлімдеді.

“Қазір елімізде жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Халық арасында жүргізіліп жатқан профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралардың нәтижесінде оба, дифтерия, полиомиелит, іш сүзегі, паратиф, құтыру және өзге де 16 жұқпалы ауру бойынша жағдайлар тіркелмеген. 40 инфекция бойынша сырқаттанушылық төмендеді. Жалпы республика бойынша ағымдағы эпидемиологиялық маусымдағы сырқаттанушылықтың өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға төмендеуі байқалады», –  деді ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова.

Қазіргі уақытта жедел респираторлы вирусты инфекция және тұмаумен сырқаттанушылықтың эпидемиологиялық маусымы жалғасып жатыр.