Бектенов АЭС құрылысы қашан басталатынын айтты

Qaz365.kz редакциясы

Алматы облысында АЭС салу бойынша келісімдерге қол қойылады

Фото: ашық дереккөзден

Жақын арада Алматы облысында алғашқы АЭС-тің құрылысы бойынша келісімшарттарға қол қойылмақ. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Алматы облысында бірінші АЭС салу бойынша келісімдерге қол қоямыз» – деді премьер-министр өз есебінде.

Сондай-ақ ол мұнай өндірісінің азаюы экономикаға кері әсерін тигізгенін айтты.

«Былтыр экономика 4,8 пайызға өсті. Ал ауыл шаруашылығында - 13,7 пайыз, құрылыста - 13,1, саудада - 9,1, көлікте - 8,5 пайыз деңгейіне қол жеткізілді. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 5,9 пайызға ұлғайды. Десек те, мұнай өндіру көлемі 2 миллион 400 мың тоннаға төмендеп, жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынына кері әсерін тигізді», - деді Бектенов.