Жазда LRT-ның құрылыс жұмыстары толығымен аяқталады
Бүгінгі Үкіметтің кеңейтілген отырысында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Астанада LRT қыркүйек айында ашылатынын айтып есеп берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
"2024 жылдың желтоқсанында Астанада көлік жүйесін дамытудың кешенді бағдарламасы бекітілді. Автотрафиктің өсуі аясында қоғамдық көлікті дамытуға, жолдардың өткізу қабілетін арттыруға, жаңа көпірлер салуға, тұрақ орындарының жұмысын жақсартуға баса назар аударылды Күн сайын қалалық маршруттарға 1600-ден астам автобус шығады. Екі жыл ішінде елорданың қоғамдық көлік паркі 45 % - ға жаңартылды. Сіздің қолдауыңыздың арқасында LRT жобасы іске асырылып, аяқталуға жақын. Жазда құрылыс жұмыстары толығымен аяқталады. Қыркүйек айында алғашқы пойыздар келеді, содан кейін белсенді сынақ басталады. Қалада заманауи жайлы экологиялық келбетті қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жалғасуда", – деді Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек.
Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әкімі Қасымбектің жұмысына жақсы баға беріп, қабілетті екенін айтып өтті. Бірақ Астанада көлік кептелісі көбейіп кеткеніне назар аударды. Қоқыс өңдейтін зауыт ашуды тапсырды. Мемлекет басшысы бұл елордаға ғана емес, барлық облыс орталықтарына қатысты мәселе екенін баса айтты.