Елімізде тағы бір темір жол құрылысы басталатын болды

Nur-Altay Umirzak

Бұл жоба Транскаспий бағдарының негізгі бөлігі болмақ

Сурет: sk.kz/ҚТЖ

Мойынтыдан Қызылжарға дейін жаңа темір жол құрылысы басталады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Президент бүгінгі Үкіметтің кеңейтілген отырысында  Мойынтыдан Қызылжарға дейін жаңа темір жол құрылысын бастауды тапсырды.

“Қазақстан арқылы өтетін темір жол дәлізін дамыту жұмысын тездету қажет. Бұл жоба Транскаспий бағдарының негізгі бөлігі болмақ. Осы бағыттағы маңызды жобалардың біразы қазір жүзеге асырылып жатыр. Алдын ала қамданып, жұмысты тоқтатпай, жалғастыра беру керек.
«Мойынты – Қызылжар» бағытында жаңа темір жол құрылысын бастауды тапсырамын. Сондай-ақ Қызылжар бекетінен Ақтау портына дейінгі күре жолдың қозғалысы аса көп учаскелерін жаңғырту керек”, – деді Қасым-Жомар Тоқаев.

Президент «Алтынкөл – Жетіген» темір жолын да кеңейту қажеттігін айтты. Бұл Қытай мен Орталық Азия арасындағы көлік дәлізінің әлеуетін едәуір арттырады деп отыр.