Алматының кей көшелерінде екі күнге жол қозғалысы шектеледі

Nur-Altay Umirzak

Жол жүрісіндегі шектеу халықаралық іс-шараға байланысты болып отыр

Сурет: Qaz365.kz/ B. Karipov

Алматыда жолдардың бір бөлігі 30 және 31 қаңтарда жабылады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Алматы ПД баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

30 және 31 қаңтар күндері "Атакент" іскерлік ынтымақтастық орталығында “Digital Almaty 2025” халықаралық форумы өтеді. Аталған іс-шараға қатысты Алматы ПД баспасөз қызметі жол учаскелеріндегі қозғалысқа түзетулер енгізілуі мүмкін екенін хабарлайды”, – делінген полиция хабарламасында. 

Жол жүрісі уақытша шектелетін көшелерге:

  • Майлин көшесі,
  •  Құлжа трактаты,
  • Бұқтырма көшесі
  • Үлкен Алматы айналма жолы,
  •  Әл-Фараби даңғылы,
  • Сейфуллин даңғылы,
  • Достық даңғылы,
  • Жароков көшесі.

Алматы полициясы уақытша шараларға түсіністікпен қарауға және кептелісті болдырмау үшін өз бағытын алдын ала түзетуге шақырып отыр.