Министрге журналистер “жанар жағар майдың бағасы” туралы сұрақ қойған
Ақпан айынан бастап елде бензин қымбаттайды. Бұл жаңалықты Үкіметте кеше Энергетика министрі айтқан. Бірақ қаншаға қымбаттайтынын нақтыламаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бүгін журналистер Мәжіліс кулуарында баға қаншаға қымбаттайтынын қайтадан сұраған. Бұл жолы да министр айта алмады.
«Қазір 205 теңге. Сол бағадан басталады. Бүгін брифинг болады. Бәрін айтамыз», – деп, Мәжілістен министр шығып кетті.