Астана-Шымкент рейсінің жолаушылары елордалық әуежайда жанжал шығарды – видео

Qaz365.kz редакциясы

Жолаушылар бөтелкелер мен заттарды лақтырып, ақпараттық тіректер мен тосқауыл таспаларын құлатты

tengritravel.kz

25 ақпанда таңертең ерте ұшатын FlyArystan рейсі баратын жеріндегі ауа райының қолайсыздығына байланысты 10 сағатқа кешіктірілді, содан кейін мүлдем тоқтатылды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.

Ашуланған 20 жолаушы өздерінің наразылықтарын сөзбен білдіріп қана қоймай, бөтелкелер мен заттарды лақтыра бастады, ақпараттық тіректер мен тосқауыл таспаларын құлатты.

27 жастағы жолаушыға қарсы ұсақ бұзақылық пен ұрып-соққаны үшін әкімшілік іс қозғалды.

Азаматтық авиация комитетінде FlyArystan рейсінің тоқтатылуы туралы түсініктеме берілді.

«Шымкентте қатты жел болды. Жолаушыларға сусындар мен тамақ таратылды. Ал өтініш білдіргендердің барлығына билеттерді толық қайтару рәсімделді. Қосымша тексеру жүргізіледі. Егер flyarystan тарапынан бұзушылықтар табылса, тиісті шаралар қабылданады», - деді авиация шенеуніктері.