АҚШ-та қанша Қазақстан азаматы ресми тіркелгені белгілі болды

Nur-Altay Umirzak

АҚШ-та бұған дейін Қазақстан азаматтарының виза тәртібін бұзу оқиғалары тіркелген

Сурет: gov.kz

АҚШ-та қанша Қазақстан азаматы ресми тіркелгені белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев айтты.

Оның айтуынша, қазір AҚШ-тағы қазақстандықтардың заңсыз көші-қон мәселесі туралы нақты ақпарат жоқ.

«Қазір AҚШ-тағы қазақстандықтардың заңсыз көші-қон мәселесі туралы нақты ақпарат жоқ.  Қазақстанның АҚШ-тағы консулдық есебінде шамамен 25 мың қазақстандық ресми тіркелген. Біз, елшіліктегі жағдайды бақылауда ұстаймыз. Жуырда Қазақстан азаматтарына ресми ескерту жасалды», – деді Әлібек Бақаев.

Вице-министр бұған дейін Қазақстан азаматтарының виза тәртібін бұзу оқиғалары тіркелгенін, мұндай жағдайды шешудің арнайы құқықтық тетіктері бар екенін айтқан болатын.