1584 жылғы көне картаның түпнұсқасы
«Қазақ» атауы мен жері белгіленген көне картаның суреті жарияланды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.
Бұл құнды жәдігер туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды.
«Көптен бері іздеп жүрген тарихи тұрғыдан өте құнды картаны қолға түсірдім. Оригинал карта. 1584 жылғы. Қазақ атауы мен жері белгіленген көне карталардың бірі», - делінген жазбада.