Жер сілкінісі кезінде қайтыс болды деген сириялық жерлеу сәтінде оянды – видео

Qaz365.kz редакциясы

Қоштасу рәсіміне жиналғанда, оның қозғалып, кірпігі қимылдап жатқанын байқап қалады

Видеодан кадр

Жер сілкінісі кезінде қайтыс болған адам жерлеу сәтінде оянды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Show Ana Haber-ге сілтеме жасап.

Сириялық Ахмед әл-Мағриби алапат зілзала болғанда, үйінділердің астында қалады. Оны құтқарушылар тауып, дәрігерлер тексеріп, өлгені туралы хабарлайды, содан кейін оны екі күнге мәйітханаға жатқызады.

Дереккөздің хабарлауынша, жерлейтін күні жақындары қоштасу рәсіміне жиналғанда, оның қозғалып, кірпігі қимылдап жатқанын мәйітшілер байқап қалады. Дәрігерлер тоқтап қалған жүрегінің қайта соққанын анықтаған. Сосын оны дереу ауруханаға жеткізген.

Кейінгі мәліметтер бойынша Кахраманмараш, Газиантеп, Шанлыурфа, Диярбакыр, Адана, Адьяман, Османие, Хатай, Килис, Малатия және Элазыг қалаларында болған жер сілкінісінің салдарынан барлығы 44 374 адам қаза тапты.