Ол бұл қызметке 2022 жылдың қаңтарында тағайындалған болатын
«Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының төрағасы ауысты. Ләззат Шыңғысбаева қордың жаңа басшысы болды,деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Қазақстан халқы» қоғамдық қорын үш жыл бойы басқарған Болат Жәмішев қызметінен кетті. Ол бұл қызметке 2022 жылдың қаңтарында тағайындалған болатын. Яғни нақтырақ айтқанда «Қаңтар оқиғасынан» кейін қор құрылып, басшысы болған еді.
Басшылық жасаған кезінде Болат Жәмішев Қордың қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосты. Қор 104 қайырымдылық бағдарламасы мен жобасына бастамашы болып, оның 62-сін іске асырды. 29 қаңтарда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қор Басқармасының мүшелерінің қатысуымен өткен брифингте «Қазақстан халқына» қорының жұмыс нәтижелері туралы баяндады, – делінген қордың хабарламасында.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің шешімімен 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап «Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма төрайымы лауазымына қоғам қайраткері, қайырымдылық және Қазақстандағы ҮЕҰ-ның институционалдық дамуы мен әлеуметтік жобаларды басқару саласындағы сарапшы Ләззат Шыңғысбаева сайланды. Ол бұған дейін «Қазақстан халқына» қоры басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.